10 тамыз 2015 14:25

Саясаттанушылар Бауыржан Байбектің Алматы әкімі болып тағайындалуын "эксперимент" деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық саясаткерлер Бауыржан Байбектің Алматы әкімі болып тағайындалғаны туралы жаңалықты қызығушылықпен қабылдады. "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев бұл тағайындауды үлкен сенім деп қабылдайды. Ал "Тәуекелді бағалау тобының" директоры Досым Сәтпаев бұл тағайындауды өзгеше бір эксперимент деп есептейді. Сарапшылар өз ойларын Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбаттары барысында жеткізді.


Қазақстандық саясаткерлер Бауыржан Байбектің Алматы әкімі болып тағайындалғаны туралы жаңалықты қызығушылықпен қабылдады. "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев бұл тағайындауды үлкен сенім деп қабылдайды. Ал "Тәуекелді бағалау тобының" директоры Досым Сәтпаев бұл тағайындауды өзгеше бір эксперимент деп есептейді. Сарапшылар өз ойларын Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбаттары барысында жеткізді.

"Байбекке қатысты айтатын болсақ - бұл өте қызық эксперимент, себебі менің ойымша, Алматы қаласын шаруашылықта тәжірибесі жоқ адам бірінші рет басқарып тұр. Сондықтан мен әлеуметтік желіде Алматы - "Нұр Отан" емес, бұл жерде сөзге емес, іске сенеді деп қалжыңдадым. Менің ойымша, бұл расында да Байбектің өзі үшін салмақты сынақ болады, ол күз-қыс кезеңі қарсаңында тағайындалды, бұл кезең біздің шаһар үшін ауыр және салмақты кезең", - деді Досым Сәтпаев.

Оның ойынша, көп нәрсе Бауыржан Байбекпен жұмыс істейтін командамен байланысты болады. Ал бұрынғы әкім Ахметжан Есімовтің командасында, оның көзқарасы бойынша, жақсы басқарушы мамандар бар.

"Менің ойымша, оған қазір толықтай кадрлық тазалау жүргізудің қажеті жоқ. Қалай десек те - Алматы өте күрделі коммуналдық шаруашылық, бұл жердің инфрақұрылымы да күрделі, нақты әрі әлеуетті проблемалар жетерлік. Сондықтан ол өзі түсініп, біз де - алматылықтар одан не күтетінімізді түсініп алғанға дейін Байбекке сынақ мерзімін беру керек. Себебі Байбек шын мәнінде өзі үшін ғана емес, бүкіл болашақтықтар үшін жауапкершілікті өз мойнына алайын деп тұр", - деді сарапшы, сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының Алматы әкімі етіп Бауыржан Байбекті тағайындау арқылы өз жолын жастарға бергенін көрсетті деп, назар аудартты.

"Жастар өздерін қандай да бір партиялық құрылымда, жылы орында отырып, өздерін көрсетіп қана қоймай, басқарушы әрі шаруа адамы ретіндегі өз қабілеттерін көрсету үшін жас мамандарға мүмкіндік беріліп отыр. Алматы дегеніміз - мемлекет ішіндегі мемлекет емес пе, бұл жерде расымен-ақ проблема жетерлік, оларды жылдам әрі шапшаң түрде шешу керек, соңғы сел көрсетіп бергендей, бұл жерде қаланың қауіпсіздігіне байланысты белгілі бір аяқсыз істер бар", - деп есептейді Сәтпаев.

Сондықтан, деп жалғады ол сөзін, жаңа әкімнің алдына қойылатын басты міндеттердің бірі - қала қауіпсіздігін табиғи және техногендік апаттардан қамтамасыз ету мәселелерімен айналысу. Сонымен қатар, дейді сарапшы, әкімге инфрақұрылымды ұмытуға болмайды. Сондай-ақ дейді Сәтпаев, көпшілік Байбектен қаланың тек бизнес орталық ретінде дамуын емес, мәдени орталық ретінде дамуын күтеді. 

"Қазір Байбектен көп нәрсе күтіліп отыр және дәстүр бойынша берілетін 100 күндік сынақ мерзімі барлығының неге әкеп соғатынын көрсетеді", - деді Сәтпаев және ол Бауыржан Байбектің Алматы әкімі лауазымындағы келешегіне елу де елу деген баға берді.

Ал екінші сарапшы - Андрей Чеботарев Байбектің тағайындалуына байланысты өз дербестігін тексереді деген баға берді. "Бауыржан Байбектің Алматы қаласының әкімі болып тағайындалуына байланысты айтатын болсақ - бұл зор сенімнің көрсеткіші, себебі ол өзін республикалық деңгейде көрсете білді. Жанжалдар арасында көрінген жоқ. Енді оған маңызды лауазым тапсырылды, тіпті дербес жұмыс деуге болады. Себебі менің ойымша, орталық деңгейде жұмыс істеп жүрсең белгілі бір сүйенішің болады. Байбек үшін бұл жақсы тәжірибе, ол бұған дейін аймақта жұмыс істеген жоқ", - дейді Чеботарев.

Еске сала кетейік, 9 тамызда Назарбаев Алматы активіне қаланың жаңа әкімі Бауыржан Байбекті таныстырды, ол - "Нұр Отан" партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

"Бауыржан Байбек - осындай лауазымға тағайындалып отырған "Болашақ" бағдарламасының бірінші түлегі. Ол сыртқы істер министрлігі жүйесінде, Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды. Қасымда жұмыс істей жүріп, менің қызметімді көрді, бүкіл республикамызды аралады, маңызды сайлау науқандарына қатысты, ал бізді алда парламенттік сайлау күтіп тұр, бұл оңай сынақ емес. Оның қала алдында тұрған міндеттерді елде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар аясында сіздермен бірлесіп шеше алатынына сенімдімін", - деді Қазақстан Президенті.

2008 жылдың сәуірінен бастап Алматының әкімі болған Ахметжан Есімов енді "Астана ЭКСПО-2017 ҰК" АҚ-ты басқарады. Қазақстан Президенті Есімов тәжірибесінің қазіргі уақытта Астанада ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру және өткізу үшін қажет екенін түсіндірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети