07 сәуір 2022 14:37

Сенат спикері Әшімбаев Украинаның Буча қаласындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Сенат спикері Әшімбаев Украинаның Буча қаласындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат спикері Әшімбаев Украинаның Буча қаласындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұқаралық ақпарат құралдарынан, әлеуметтік желілерден Буча қаласы мен басқа елді мекендерде болған жағдайды бәріміз көріп отырмыз. Бұл үлкен трагедия. Болған жағдайды Украина жағы геноцид деп жатқанын естіп жатырмыз. Ал Ресей тарапы мұны жалған деп отыр. Сондықтан БҰҰ мен халықаралық ұйымдардың аясында комиссия құрылады деп ойлаймын. Осы комиссия жан-жақтан барлық ақпаратты объективті түрде жинап, халықпен кездесіп, сол жаққа барып, ақпарат таратса дұрыс болар еді", - деді Мәулен Әшімбаев Сенат отырысында.

Әшімбаев Бучада болған оқиға - үлкен трагедия екенін атап өтті.

"Бейбіт тұрғындар қаза тапты. Сондықтан, оның қалай болғаны, неге бұлай болғаны туралы сұрақтар аясында халықаралық ұйымдар айналысу қажет. Менің ойымша, бұл жерде эмоцияға жол бермей БҰҰ аясында тергеу жүргізу орынды болады.

Мұндай мәселелерге қатысты халықаралық конвенциялар да, халықаралық шарттар да бар. Бұл жерде БҰҰ қамқорлығымен тиісті жұмысты дұрыс ұйымдастыратыны сөзсіз. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіндегі ресми ұстанымын сұратқан және алған дұрыс", - деп толықтырды Сенат Төрағасы.

Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейтінін атап өткенін де айтты.

"Бұл бөлікте біздің ұстанымымыз анық. Соңғы бір айда Президент те, сыртқы істер министрі де бұл мәселені бірнеше рет айтты", - деді Мәулен Әшімбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети