10 сәуір 2014 12:01

Сенатор SCAT әуе компаниясының жұмысын тоқтатуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz иллюстрациясы Тengrinews.kz иллюстрациясы

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутат Жабал Ерғалиев SCAT әуе компаниясының лицензиясын уақытша қайтарып алу туралы мәселе көтерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутат Жабал Ерғалиев SCAT әуе компаниясының лицензиясын уақытша қайтарып алу туралы мәселе көтерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"SCAT әуе компаниясының ұшағын пайдалану адам өміріне әлі де болса қауіпті екеніне соңғы оқиғалар тағы да көз жеткізе бастады. 1 сәуірде Бангкок - Астана және 7 сәуірде Шымкент - Астана бағытымен ұшып келген SCAT әуе компаниясына қарасты ұшақтар Астана әуежайына қону барысында жылдамдық тежегішінің істен шығуы салдарынан адам өміріне тағы да қауіп төндірді. Айналасы 10 күннің ішінде қайталанып отырған осы төтенше жағдайлар тағы да алаңдаушылық пен үрей тудырып отыр" - деді депутат Жабал Ерғалиев Сенат отырысында.

Бұл ретте сенатор аталған әуе компаниясының қазақстандық жолаушылардың тағдыры мен өмірін "сынақтан өткізіп тұруына" жол бермеу қажеттігін алға тартты. "Алда жаз айлары келе жатыр, көптеген отандастарымыз алыс-жақын шетелдерге демалуға асығады. Бетін аулақ қылсын, дегенмен әуе жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, авиа-апаттардың алдын алып, адам қасіретіне жол бермеу керек. Бұл үшін SCAT әуе компаниясының ұшуға жарамдылығын, ұшқыштарының кәсібилігін қатаң бақылауға алуды, тіпті қажет болса шетелдік маман-сарапшыларды шақыртып толыққанды тексеру жүргізу керек" - деді ол.
Осыған орай, бәрінен адам өмірі қымбат екенін алға тартқан сенатор Ерғалиев "қажет болса, бұл әуе компаниясының жұмысын тоқтату, лицензиясын уақытша қайтарып алу мәселесін қарау өзекті" екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың 29 қаңтарында SCAT әуе компаниясының Көкшетаудан ұшып шыққан ұшағы Алматы түбінде апатқа ұшыраған болатын. Онда 27 адам қаза болды. Ал биыл сәуірдің басынан бері аталған әуе компаниясына қарасты ұшақ әуежайға екі рет апатты жағдайда қонды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети