22 тамыз 2020 | 14:54

Сенатор мұғалімдерді жақтап, білім беру жүйесіндегі бірқатар маңызды мәселені айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сенат депутаты мұғалімдерді қолдап, білім беру жүйесіндегі бірқатар маңызды мәселені айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламент палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сенат депутаты мұғалімдерді қолдап, білім беру жүйесіндегі бірқатар маңызды мәселені айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламент палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатор білім беру жүйесінде туындаған және бейінді ведомствоның араласуын талап ететін бірқатар маңызды проблемаларды атап өтті. Жекелей алғанда, депутат пен министр мектептердің қашықтан оқытуға дайындығы, мектеп директорларын ротациялау арқылы тағайындау, жалақыны арттыру және мемлекеттік сатып алуға құжаттарды дайындау бойынша мұғалімдерге түсетін жүктемені алып тастау мәселелерін талқылады.

"Азаматтар аталған мәселелердің барлығын сенатордың аймақтық сапарлары кезінде көтерген", - делінген хабарламада.

Асхат Аймағамбетов ведомствода қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жобасы дайындалғанын, ол қазірдің өзінде Парламентке жіберілгенін және бұл айтылған мәселелерді шешуге ықпал ететіндігін айтты.

Сондай-ақ, сенатор мектеп психологтары қызметіне қатысты туындайтын мәселелер туралы сөз қозғады.

Министр өз кезегінде "Педагог мәртебесі туралы" жаңа заң мұғалімдерді кәсіби қызметіне қатысы жоқ жұмысқа тартуға жол бермейтінін еске салды. Сондықтан сенатор сөз еткен мәселелердің барлығы министрліктің тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети