17 ақпан 2023 11:55

Сенатор Шайдаров ұлттық қауіпсіздікке қатер төніп тұрғанын мәлімдеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенатор Серік Шайдаров өңірлерге халықтың жүйелі түрде кетуіне байланысты ұлттық қауіпсіздікке қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенатор Серік Шайдаров өңірлерге халықтың жүйелі түрде кетуіне байланысты ұлттық қауіпсіздікке қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламенттік тыңдауда сенатор халықтың көші-қон жағдайы нашар өңірлерді атады.

Серік Шайдаров 2010-2020 жылдар аралығында көші-қон ағыны есебінен халық санының өсуі бүгінде ел халқының 36 пайызы тұратын Ақтөбе облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалғанын айтты.

Сонымен бірге, оның айтуынша, халықтың жүйелі түрде кетуі Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында орын алып жатыр.

"Мұның барлығы түптеп келгенде, өңірлер арасындағы елеулі әлеуметтік-экономикалық алшақтықтарға ғана емес, елді мекендердің, әсіресе шекаралас аймақтардағы халықтың әлсіздігінен ұлттық қауіпсіздікке қатерлердің туындауына алып келеді. Сондықтан жұмыс орындарын құру және машина жасау саласын дамыту қажет. Өңірлердегі инфрақұрылым таяу болашақта орталық және жергілікті билік үшін басымдыққа айналуы тиіс", - деп түйіндеді сөзін депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети