19 қараша 2014 11:14

Серік Ахметов үй қамауына алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметов. ©Тұрар Қазанғапов Серік Ахметов. ©Тұрар Қазанғапов

Серік Ахметов үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Серік Ахметов үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жемқорлыққа қарсы қызмет Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласының, "Сарыарқа" ӘКК" ҰКАҚ, "Металлургия-Металл өңдеу" индустриялық паркі АЭА, "ҚазАгроҚаржы" АҚ бұрынғы жетекшілері: Бауыржан Әбдішев, Мейрам Смағұлов, Александр Эссе, Ғұмар Рахымжанов және басқа да тұлғаларға қатысты ауыр жемқорлық қылмыстарын тергеп жатыр. Тергеліп жатқан істердің шеңберінде 1958 жылы туған Ахметов Серік Нығметұлына айып тағылды және Қарағандының Қазыбек би ауданының соты оған "үй қамауына алу" бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада. 

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді. Еске сала кетейік, Серік Ахметов осы жылдың 22 қазаны күні қорғаныс министрі қызметінен өз еркімен кеткен болатын. Ол өзінің еңбек жолын Қарағанды облысында бастаған. Теміртау қаласының және Қарағанды облысының әкімі болды. 2011 жылы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, 2012 жылы Премьер-министр қызметтеріне тағайындалды. 2014 жылы Серік Ахметов ҚР Қорғаныс министрі болып, бұл қызметте жарты жыл жұмыс істеді. 

Қыркүйек айында қызмет өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен Қарағанды облысының басшысы Бауыржан Әбдішев ұсталған еді. Одан кейін Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Смағұлов пен жер қатынастары бөлімінің бастығы Ернар Дәрібеков қамауға алынды. Күдікті ретінде басқа да шенеуніктер ұсталды.

Айта кетейік, 17 қараша күні Бас прокурормен және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысымен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлыққа қарсы күресте ешқандай аяушылық болмайтынын айтқан еді. "Біз атына, лауазымына қарамастан, ірі шенеуніктерді жауапкершілікке тартамыз. Егер жемқорлық туралы заңды бұзатын болса, әркім өзіне тиісті жазаны алады, - деді Мемлекет басшысы. Жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Қайрат Қожамжаров агенттіктің толыққанды жұмысқа кіріскенін айтып, жұмыстың тиімді жүйесін қалыптастыруға уәде берді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети