03 наурыз 2015 14:13

Серік Баймағанбетов мерзімінен бұрын бостандыққа шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Баймағанбетов. ©Ярослав Радловский Серік Баймағанбетов. ©Ярослав Радловский

Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы басшысы Серік Баймағанбетов мерзімінен бұрын бостандыққа шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы басшысы Серік Баймағанбетов мерзімінен бұрын бостандыққа шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мен толық ақпарат бере алмаймын, бірақ оның шынында да босатылғанын растаймын", - деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Хасенов. 

Ал Қарағандының Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылдың 4 ақпаны күнгі қаулысымен Серік Баймағанбетовтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылды. Кедендік бақылау комитетінің экс-басшысы өз жазасы 10 жылдан бес жылға дейін қысқарғаннан кейін өтініш жазуға мүмкіндік алды. Сот Баймағанбетовтің мерзімінен бұрын босату туралы өтініші негізді деген қорытындыға келді. Соттың қаулысы 2015 жылдың 20 ақпанында заңды күшіне енді және оған ешкім шағым не қарсылық келтірген жоқ.

Еске салайық, 2013 жылдың қаңтарында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағанбетов 80 мың доллар көлемінде пара алуға және қызметтік өкілеттігін теріс пайдалануға айыпты деп танылған болатын. Баймағанбетов қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін ол Қарағанды облысындағы колонияға жіберілді. Өткен жылдың жазында Серік Баймағанбетов түрмеде соққыға жығылды деген ақпарат пайда болды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс те қозғалды. Бұдан соң ол АК-159/6 колониясынан Қарағандыдағы тергеу изоляторына ауыстырылды. 

Бұған дейін Серік Баймағанбетовке "кеден органдарына функционалдық міндеттерін орындамаған адамдарды жұмысқа алу жолымен" қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген айып тағылғаны хабарланған еді. Баймағанбетов 2012 жылдың 3 ақпаны күні ұсталып, Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот отырыстары барысында кеден саласының бұрынғы басшысы пара алмағанын айтып, өзіне тағылған айыпты мойындамады. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети