05 маусым 2017 12:03

Шахандағы қайғылы оқиғаға байланысты 5 шенеунік сот алдында жауап береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Шахандағы қайғылы оқиға үшін бес шенеунік қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шахандағы қайғылы оқиға үшін бес шенеунік қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шахан мен Шахтинсктің бес лауазымды тұлғасы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олар - Шахан ауылының әкімі Жақыпов, оның орынбасары - Нәжмеден, әкім аппаратының коммуналдық мәселелер жөніндегі бас маманы Жұмабеков, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқаршуы Омарханов пен тұрғын-үй секторының бас маманы Маханбетов. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 370-бабының 4-бөлігі бойынша ("Қызметтегi әрекетсiздiк") айыпталып жатыр. Қазіргі уақытта іс сотқа жолданды. Күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы ("Кепіл") таңдалды", - деді Қарағанды облысының тергеу және тергеу топтарына басшылық ету жөніндегі прокурордың көмекшісі Ғабиден Жиенбаев.

Сондай-ақ, Жиенбаев күдіктілердің кінәсін мойындамай отырғанын айтты. Оның айтуынша, бұл бап бойынша айыпталғандар рақымшылық бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босай алмайды.

Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.

Ал кейінірек Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөлінетіні хабарланған болатын. "Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады", - деген еді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети