04 қыркүйек 2023 09:28

Шахтинскідегі қараусыз қалған ғимараттан соққыға жығылған ер адам табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шахтинск қаласындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен қатыгез соққыға жығылған адам табылды. Куәгерлердің айтуынша, ол реанимацияға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шахтинск қаласындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен қатыгез соққыға жығылған адам табылды. Куәгерлердің айтуынша, ол реанимацияға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қараусыз қалған ғимарат жанынан өтіп бара жатқан адамдар орта жастағы ер адамды байқаған. Куәгерлердің айтуынша, ол қатты соққыға жығылып, қорқып қалған. Ер адам тығылған ғимарат аурухананың жанында орналасқан. Жәбірленуші реанимацияға жатқызылды. Болған оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болған.

"Ер адам өзін біртүрлі ұстаған . Ауруханада ол ешкімді танымай, тек ауырсынудан айқайлай беріпті. Шамасы, ол ұрып-соғудан жадын жоғалтқан", - деп жазған қолданушылар әлеуметтік желіде.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі табылған адам туралы ақпаратты растады. Ведомствода жәбірленушінің жеке басы анықталғаны атап өтілді.

"Дерек бойынша ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

"По данному факту зарегистрировано уголовное дело по части 1 статьи 106 УК "Умышленное причинение тяжкого вреда здоровью". В настоящее время проводятся необходимые мероприятия по установлению обстоятельств произошедшего", - сообщили в пресс-службе ДП Карагандинской области.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында 70 мың теңге үшін 73 жастағы зейнеткерді ұрып-соғып, байлап тастаған болатын. Полиция күдіктілерді ұстап, олар 1960 және 1981 жылы туған жергілікті, бұрын сотталған тұрғындар екенін анықтады. Дерек бойынша ҚК "Тонау" 191-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети