23 қаңтар 2014 11:42

Шарапованың өліміне қатысты істі алқабилер соты қарайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

tengrinews.tv кадры tengrinews.tv кадры

Павлодарлық оқушы Настя Шарапованың өліміне қатысты істі алқабилер соты қарайды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгін, қаңтардың 22-сі күні Павлодар қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алғашқы тыңдау өтті. Күдікті Виктор Бахаревтің қорғаушысы істі алқабилер соты қарасын деген өтініш білдірген. Шарапованың өліміне қатысты іс бойынша алқабилерді іріктеу 6 ақпанға белгіленді. Күдіктінің анасы Галина Бахарева ұлын алқабилер сотының ақтап шығатынына сенеді. Ол Виктордың Настя Шарапованы өлтіруі мүмкін емес деп отыр. Еске саламыз, Евгеньевка елді мекенінде тұрған 8-сынып оқушысы Анастасия Шарапова өткен жылдың қазан айында із-түссіз жоғалып кеткен болатын, оны 700-ден астам ерікті іздеді. Екі аптадан соң полицейлер оқушының өлі денесін өз үйінен 250 метр жерден тапты. Сараптаманың нәтижесінде қыздың тұншықтырылғаны, кейін зорланғаны белгілі болды. Күдік бойынша 20 жастағы Виктор Бахарев ұсталды. Марқұмның туысқандары Настяны көрші жігіттің өлтіргеніне сенбейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети