15 мамыр 2024 11:12

"Шенеунікпін, 180 миллион доллар аударыңыз": қазақстандық 10 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Шетелдік компания өкілінен қомақты сомадағы ақша талап еткен алаяқ 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.


Шетелдік компания өкілінен қомақты сомадағы ақша талап еткен алаяқ 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

"Кінәлі адам өзін мемлекеттік ведомствоның штаттан тыс қызметкері ретінде көрсете отырып, шетелдік компания директорынан 180 миллион АҚШ долларынан аса қаражат талап еткен. Алаяқ инвестициялау шартын жалған жасасу мақсатында аталған қаражатты иемденіп алуға тырысқан. Мемлекеттік айыптаушы-прокурор сотталған адамның кінәсін дәлелдеді", - делінген хабарламада.

Ол алаяқтыққа оқталу және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға аса ірі мөлшерде пара беруге айдап салу үшін кінәлі деп танылған. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.68   490.7   4.99 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети