16 шілде 2014 15:27

Шенеуніктер "Гульнар тур" мәселесіне енжар қарап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Мемлекеттік органдар "Гульнар тур" компаниясына қатысты мәселені шешуде енжарлық танытып отыр, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрбанбаева осындай пікірде. Бұл туралы ол брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде мемлекеттік органдар селқос жұмыс істеп жатыр. Соған байланысты біз тиісті хатты тағы жолдауға мәжбүрміз. Маусым айында бір хат жолданғанын еске саламын. Онда заңбұзушылықтар бар екені айтылды. Бір ай өтті, салмақты шешімдер қабылданған жоқ. Сәйкесінше, біз мемлекеттік органдарды жауапкершілікке тартатын боламыз", - деді Құрбанбаева.

Ол Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Туризм индустриясы комитеті мен Азаматтық авиация комитетіне шағымданғанын айтты. "Оның себебі өкілетті органдар өздері лицензия берген субъектілердің жұмысын реттеуге дұрыс бақылау жасамай отыр", - деді ол. Оның айтуынша, бұл жағдай туроператорларға, әсіресе, "Гульнар турға" және әуе компанияларына, соның ішінде Atlas Jet-ке қатысты.

Гүлнәр Құрбанбаева бұған дейін "Гульнар тур" компаниясы басшысының өкілетті органдардан бой тасалап жүргенін және оның жалған құжаттармен елден кетіп қалуы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети