08 қараша 2016 16:04

Шенеуніктер Түркістандағы психоневрологиялық мекемедегі науқастардың суретін қолдан жасалған деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістандағы психоневрологиялық мекемеде тұрып жатқан науқастардың суреттері біреудің пайдасы үшін қолдан жасалған. Бұл туралы арнайы брифингте Оңтүстік Қазақстан облысының шенеуніктері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын ақпарат құралдарында психоневрологиялық мекемеде түсірілген сұмдық суреттер жарияланған болатын.


Түркістандағы психоневрологиялық мекемеде тұрып жатқан науқастардың суреттері біреудің пайдасы үшін қолдан жасалған. Бұл туралы арнайы брифингте Оңтүстік Қазақстан облысының шенеуніктері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын ақпарат құралдарында психоневрологиялық мекемеде түсірілген сұмдық суреттер жарияланған болатын.

Олардың болжамынша, бұл мекемеде әріптестер арасында келіспеушілік қарым-қатынастар болған, себебі олардың біреуі басшының орнына келгісі келген. "Екі қызметкер бұл суреттің таңғы сағат жетіде арнайы түсірілгенін мойындады. Біздің ойымызша, бұл директорды әшкерелеу мақсатында жасалды. Науқастар өздерінің не істеп жатқандарына жауап бере алмайды. Олар өмірлерінің соңғы сатысында өмір сүріп жатқан науқастар, ондай адамдар физикалық тұрғыдан ешқашан да толық болмайды. Науқастар мекемеге түскен кезде 28 келі болған және тексеріс кезінде де өзгеріссіз 28 келі салмақты көрсетті", - дейді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мадина Есімова.

Енді шенеуніктер суретке түсірген адамдарды іздестіреді. Сондай-ақ, жарияланған суреттердің 2016 жылдың шілде айында түсірілгені анықталды. Ол кезде науқас Нұрсұлтан Сардарбековтың анасы басқармадағыларға шағым түсірген болатын. Сол сәтте-ақ мекемеге тексеріс жүргізілді. Ереже бұзушылықтарға байланысты 6 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Алайда бұл мәселе әлі де шешілмеген сияқты, себебі науқастың анасы тағы да осы шағымды айтып отыр. Тағы да тексеріс жұмыстары жүргізілетін болады. "Н. Сардарбеков мекемеге келген кезде, яғни 2015 жылы оның салмағы 61 келі болды. Тексеріс кезінде 61 келіні көрсетті, ешқандай да өзгеріс жоқ. Өз бетімен қимылдай алады, денесінде көгерген жерлері жоқ, үсті-басы таза", - деп оқыды тексерістің нәтижелерін Мадина Есімова.

Дегенмен де медициналық стандартқа сәйкес, мұндай науқастардың қанша келі болуы тиіс екені анықталмады.

Алайда комиссия өкілдері мекемедегі ережебұзушылықтарды анықтай алды, олардың көбісі әкімшілік ережебұзушылықтар екен. Мысалы, медициналық тағайындау қағаздары жүргізілмеген, палаталардағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің сақталмауы, едендердің боялмауы. Сонымен қатар, Мадина Есімова мұның бәрін жөндеуге болатынын және қажетті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты.

Айта кетейік, осы деректен кейін осында 17 жыл бойы мекеменің директоры қызметін атқарған Бақыт Кәрімбаев жұмысынан қуылды. Сондай-ақ, 8 маманға қатаң жаза тағайындалып, 5 қызметкер сөгіспен құтылып кетті. Ал біреуінің лауазымы төмендетілсе, екінші біреуі өз еркімен жұмыстан кеткен.

Еске салайық, осыған дейін Тасмағамбетов Түркістандағы медициналық әлеуметтік мекемесінде болған мәселені анықтауды тапсырған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети