05 сәуір 2020 15:39

ШҚО-да қорғаныш маскаларын тіккен сотталушыларға 1 миллион теңгеден аса сыйақы берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© polisia.kz © polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында маска тігумен айланысқан жазасын өтеушілерге бір миллионан аса сыйақы берілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Шығыс Қазақстан облысында маска тігумен айланысқан жазасын өтеушілерге бір миллионан аса сыйақы берілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түзеу колонияларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атынан ақшалай сыйақы тағайындалды. 

Қазіргі уақытта қорғаныс құралдары мен дезинфекция қажет. Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі мен Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқармасы басшылығының шешімімен қылмыстық-атқару жүйесінің өндірістік объектілерінде қорғаныш маскаларын тігу ұйымдастырылды.

19 наурыздан бастап Шығыс Қазақстанның алты колониясында сотталғандар қорғаныш маскаларын тіге бастады. Осы уақытқа дейін сотталғандар 120 мыңнан аса маска тігіп үлгерген.

Маскалар полиция офицерлері мен әскери қызметкерлерге берілген.

"Біздің жұмысымыз бағаланып, тіпті сыйлық табысталғанына да өте қуаныштымын. Шынымды айтсам, мен бұған сенбедім, бірінші рет өз жұмысым үшін ақшалай сыйлық алдым. Мен алған сыйлығымды әйеліме аударып жібердім, оған бұл ақша маған қарағанда қажетті деп ойлаймын" - деді жазасын өтеуші Арлан.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелерінде қорғаныш маскаларын тігу әлі де жалғасып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети