03 наурыз 2017 13:56

ШҚО-да құлаған тікұшақтың қаза тапқан пилоты Алматыда жерленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шоқан Алхабаев © Шоқан Алхабаев

Алматыда Шығыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған ұшақтың пилоты Петр Устиновты жерлеу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Шығыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған ұшақтың пилоты Петр Устиновты жерлеу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жерлеу рәсімі сағат 11.00-де қаза тапқан пилоттың үйінің алдында өтті. Петр Устиновты соңғы сапарға шығарып салуға оның туыстары, жақын достары, таныстары, сондай-ақ, бірге қызмет еткен әріптестері келді. Жалпы 100-ден аса адам келді, олардың қатарында ҰҚК Шекара қызметінің әскери оркестрі бар.

"Бүгін біз офицерді жерлеп жатырмыз. Ол мыңдаған адамның өмірін құтқарған еді. Жақсы әке, жақсы күйеу еді, қыздарын да тәрбиелеп өсірді. Ол бірнеше ұшқышты дайындаған адам. Мен онымен Шекара қызметіндегі жұмысымнан таныс едім. Ол онда 20 жылға жуық қызмет етті. Петр Устинов мемлекеттік шекараны күзетуге бүкіл өмірін арнады. Зейнетке шықса да, авиациядағы жұмысын жалғастырды. Ұшқыштар өлмейді! Олар кетіп, қайтып оралмайды!", - деді пилоттың досы полковник Игорь Карлуков.

Пилот Петр Устинов 25 ақпанда кешкі уақытта қаза тапқан еді.


Полковник Игорь Карлуков.

"Ол Шекара қызметіне қатардағы сарбаз болып келіп, авиациялық базамыздың ұшу бөлімінің басшысына дейін көтерілген еді. Өкінішке қарай, жастар да кетіп жатады. Әрине, дүниеден ерте озды", - деді  ҚР ҰҚК Шекара қызметі ардагерлер кеңесінің төрағасы полковник Брович.

ШҚО-да құлаған тікұшақтың қаза тапқан пилоты жайлы не білеміз?


© Шоқан Алхабаев

Еске салайық, жеке меншіктегі С-341 тікұшағы кеше Үржар ауданындағы Қожа ауылынан ұшып шығып, Аягөз ауданындағы Ақшатау ауылына қонуы керек болған. Куәгерлер тікұшақтың Айғыздың үстінен ұшқанын көрген. Алайда жетер жеріне жетпеген. 25 ақпанда сағат 18.30-да пилот байланысқа шықпаған. Іздеу шаралары барысында тікұшақ Аягөз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерден табылған еді. Кейінірек Шығыс Қазақстан облысында құлаған жеке меншіктегі С-341 тікұшағының бортында пилот пен бір жолаушының болғаны анықталып, тікұшақ пилотының мәйіті табылғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети