16 мамыр 2024 10:08

ШҚО-да тұрғынға және оның отбасына күш көрсетіп, ақша бопсалаған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

ШҚО полицейлері бопсалаушыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


ШҚО полицейлері бопсалаушыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленуші құқық қорғау органдарына ер адам өзіне және отбасына күш көрсетіп, одан 1 миллион теңге бопсалағанын хабарлады. 200 мың теңге алу кезіндегі жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде шығысқазақстандық жедел уәкілдер бұрын сотталған 37 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстаған.

"Күдікті өз әрекетін мойындаған, оның заңсыз әрекеттерін растайтын қолма-қол ақша тәркіленді. Аталған дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Күдікті қамауға алынды", - делінген хабарламада.

ШҚО Полиция департаменті аталған әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.25   490.7   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети