22 шілде 2014 13:35

Ішіп алған "Дауыс International" тобының экс-әншісі полицейді қыршып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұсталған азаматша мас күйде болған.  ©auto.lafa.kz Ұсталған азаматша мас күйде болған. ©auto.lafa.kz

"Дауыс International" тобының экс-мүшесі Жадыра Құтпанова көлікті мас күйінде басқарған жерінен полицейлердің қолына түсті, деп хабарлайды Lafa.kz сайты. 


"Дауыс International" тобының экс-мүшесі Жадыра Құтпанова көлікті мас күйінде басқарған жерінен полицейлердің қолына түсті, деп хабарлайды Lafa.kz сайты. 

Саин мен Асқаров көшелерін күзетуге шыққан полиция қызметкерлері Infiniti автокөлігін мас күйінде тізгіндеген қызды ұстады. Кейін оның "Дауыс International" тобының экс-мүшесі Жадыра Құтпанова екені белгілі болды. Жұлдыз бірден ерсі қылық танытып, көлікке иелік ететін құжаттарын көрсетуден бас тартқан. Ол көлік ішінде сіңлісімен бірге болған. Бір қызығы ол тәртіп сақшыларына өзін "Кеш You" тобында өлең айтатын Әселмін деп таныстырған. Мас күйде болған әнші Бостандық ауданы ІІБ ғимараты алдында мінезін көрсетіп, бір тәртіп сақшысының киімін жыртса, келесісінің қолынан тістеп алған. "Дауыс International" тобы экс-әншісінің сөзіне сенсек, жақында ғана ол өзінің анасын жерлеген, ал сіңілісі жоғарғы оқу орнына түсу үшін қалаға келген екен.  

Медициналық сараптамадан өткізу кезінде Құтпанова көлікті жүргізушісі басқарып, журналистерді көрген күйде қашып кеткенін айтты, алайда ол ақпарат расталмады. Соңыра әнші полиция қызметкерлеріне 20 мың теңге көлемінде пара бергенін де жайып салды, алайда ол ақшасы өз машинасынан табылды. Бірақ қыз ол басқа ақша екенін айтып, полицейлерден "босату үшін берген" 20 мың теңгесін қайтарып беруді талап етті. Ол алкоголдік мас болудың орташа дәрежесінде болған. Оны медициналық сарапшылар да растап берген. Қазір оның автокөлігі айып тұрағына қойылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети