24 ақпан 2015 13:18

Шығыс Қазақстанда 160-тан аса адам қызылша жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©novayagazeta-ug.ru ©novayagazeta-ug.ru

Шығыс Қазақстан облысында қызылша ауруының тарауынан 164 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың Ақпарттық орталығына сілтеме жасап. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жоғары. 


Шығыс Қазақстан облысында қызылша ауруының тарауынан 164 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың Ақпарттық орталығына сілтеме жасап. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жоғары. 

Орталықтың мәліметінше, бұл өңірде 20 мың адамға вакцина салынды. Қызылшаға қарсы егілген адамдардың арасында вакцинадан кейін өзін нашар сезінгендер болған жоқ.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вадим Овсянниковтің айтуынша, бұл өңірде қызылшаға байланысты белгілі бір қаланы немесе ауданды оқшаулаудың қажеттілігі жоқ, дегенмен ауруды жұқтырып жатқандар өте көп.

"Бізде 60 мың адамға вакцина салынуы тиіс, бүгінде олардың 20 мыңға жуығы егілді, асқыну болған жоқ. Алайда өзге облыстардағы вакцинадан кейінгі асқынуға байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес вакцинациялау тоқтатылды. Қызылша - өте жұқпалы, бірақ бұл індет емес, аурудың өршуі ғана дей аламын. Облыста 164 адам қызылшаға шалдықты, бұл өткен жылдан екі есеге көп", - дейді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында қызылшаға қарсы егілген 60-қа жуық адамның ауруханаға түскені хабарланған болатын. Олардың нашар сезінуінің себебі әлі белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, асқынуға қызылшаға қарсы салынған вакциналардың сапасыздығы немесе дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы себеп болуы мүмкін. Қазір Астананың эпидемиологтары бұған қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Айта кетейік, мұның алдында Теміртауда медицина колледжінің 18 студенті қызылшаға қарсы вакциналаудан кейін жоғары температурамен ауруханаға түскен болатын.   

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети