24 ақпан 2014 17:08

Шығыс Қазақстанда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР БҒМ ҒК "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сайтындағы карта ҚР БҒМ ҒК "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сайтындағы карта

Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. "24 ақпан күні Алматы уақыты бойынша 12 сағат 29 минут 53 секундта "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісіне жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында - Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 791 шақырым қашықтықта орналасқан", - делінген мекеменің хабарламасында. Жерасты дүмпулерінің энергетикалық класы - 9,2. Магнитудасы - 4,2. Дүмпу 5 шақырым тереңдікте болған. Төтенше жағдайлар қызметі мамандардың мәліметінше, тербеліс Шығыс Қазақстан облысындағы Самарское және Белое елді мекендерінде МSК-64 шкаласы бойынша 2 балл түрінде сезілді. Еске сала кетейік, бір апта бұрын магнитудасы 4,6-ға тең жер сілкінісі Алматыдан 307 шақырымда болған еді. Оның эпицентрі Қытай Халық Республикасының аумағынан анықталды. Сейсмологтердің қысқа мерзімге арналған болжамына сәйкес, бұған дейін 20-26 ақпан аралығында Алматы полигоны аумағында қуатты жер сілкінісі болмайтыны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети