23 маусым 2015 17:25

Шымкент имамдары қасиетті мерекені бизнеске айналдырды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Otyrar.kz ©Otyrar.kz

Otyrar.kz жергілікті басылымы Шымкент имамдарының қасиетті мерекені бизнеске айналдырғанын хабарлады. 


Otyrar.kz жергілікті басылымы Шымкент имамдарының қасиетті мерекені бизнеске айналдырғанын хабарлады. 

Басылым тілшілерінің мәліметінше, қасиетті Рамазан айының басталған күні Шымкенттегі Халифа Омар мешітіне жүздеген адам наразылық білдіріп келген. Сөйтсе, мешіт территориясында ауызашар өткізу үшін мешіт имамдары келген әр адамнан 1 мың теңге талап етіпті.

Мешітке келушілердің бірі Жақсылық Шәріповтің айтуынша, жергілікті тұрғындардың біріне ауызашар өткізуге рұқсат берілмеген. Алайда облыс имамының атынан келген екі адам - бір әйел мен ер адам егер әр адам үшін мың теңгеден ақша төлемесе мешіт территориясында ауызашар өткізуге рұқсат берілмейтінін айтқан. "Оның үстіне олар мәзірді өздері жазады екен. Адамдар наразы болды. Алайда олар өздерінің ақша төлемейтінін айтты, өйткені оларда облыс имамының рұқсаты бар", - деді Шәріпов.

Ал Халифа Омар мешітінің бас имамы Нұрғали Ерімбетов осындай тапсырманың ОҚО бас имамынан жазбаша түрде келгенін айтып отыр. Оның айтуынша, ауызашарға кіру үшін төленетін ақша қала мешіттерінің жөндеу жұмыстарына жұмсалады. "Мұның еш жамандығы жоқ. Облыс мешітінің қойған мақсаты дұрыс. Мұнда ешқандай мәселе көріп тұрғаным жоқ. Мен осыны ғана айтқым келеді", - деді Ерімбетов.

Өз кезегінде ОҚО бас имамы Ахметжан Керімбек осы мәселеге қатысты пікір білдірді. "Осы мәселеде наразылықтар туатынын білдік. Бірақ мұны қолға алу керек. Мұның барлығы қалыпты жағдайға айналуы тиіс. Адамдар мұны түсінуі керек. Ауызашар өткізу үшін жақсы жағдай жасау керек. Менде мұндай тапсырма жоқ. Тек ауыз бекіткендер үшін сәйкес жағдай жасау. Мақсатымыз осы ғана", - деді бас имам. 

Алайда, қалалық мешіттерге келушілер мұны түсінбей, наразылығын білдіруді жалғастыру үстінде. Олар әрбір мешіт өкілінің сөзін ұялы телефон камерасына жазып алып жатыр.

©Видео Otyrar.kz

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети