20 мамыр 2016 12:25

Шымкентте 6 адамды қаққан адам жүргізу куәлігінен жарты жыл бұрын айырылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Рtzgovorit.com © Рtzgovorit.com

Шымкентте алты бала мен бір әйел адамды қағып кеткен жүргізушінің рульге отыруға құқығы болмаған. Бұл туралы ОҚО ІІД қызметкерлері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте алты бала мен бір әйел адамды қағып кеткен жүргізушінің рульге отыруға құқығы болмаған. Бұл туралы ОҚО ІІД қызметкерлері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1997 жылғы жүргізуші куәлігінен 2015 жылдың желтоқсанында айырылған екен. Кезекті жол апатын ол әкесінің көлігімен жасаған. Ол автомобильді рұқсатсыз жүргізіп кетіпті. Полицейлердің айтуынша, жүргізуші сау болған. Дегенмен жылдамдықты асырып, салдарынан көлікті басқара алмай қалады да, автобус аялдамасына барып соғылады.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәліметінше, көлік соққан кезде әйел адам мен баласы жаяу жүргінші жолымен кетіп бара жатқан. Оқиға орнында 4 жасар бала қаза тапты, қалғандары дереу ауруханаға жеткізілді. 


Оқиға орнында түсірілген сурет. © Tengrinews.kz

Қазіргі кезде бір бала мен әйел адам жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Ал екі бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды. Қалған балаларды дәрігерлер тексерістен өткізіп, үйлеріне қайтарды.

Жантүршігерлік жол апаты бойынша бірнеше сараптама тағайындалды. Жүргізуші қамауға алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети