14 наурыз 2014 20:49

Шымкентте апатқа ұшыраған Ан-72 ұшағы экипажының туыстары ұшқыштардың атына кір келтірушілерге наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экипаж командирінің әкесі және жесір қалған әйелі. ©tengrinews.kz Экипаж командирінің әкесі және жесір қалған әйелі. ©tengrinews.kz

Шымкентте апатқа ұшыраған Ан-72 ұшағы экипажының туыстары ұшқыштарды кінәлап, қаралаушыларға наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. АН-72 ұшағының апаты 2012 жылдың 25 желтоқсанында орын алған. Марқұм болған ұшақ экипажы мүшелерінің туыстары сотта өз азаматтарының адал атын қорғамақшы. Туысқандарының айтуынша, экипаж кәсіби білікті болған, сондықтан олардың кінәсінен ұшақтың құлауы мүмкін емес. Экипаж командирі Марат Нұрахметовтың жесірі күйеуінің екі жоғары авиациялық білімі болғанын айтады. Ол әуеде 5200 сағат боп, 25 жылдық ұшу еңбек өтілінен өткен. "Мен күйеуімнің әуе кемесін жүргізу және ұшыру тәртіптерінің барлығын орындағанын айтқым келеді. Оның бұл арада кінәсі жоқ. Біздің атымызға неше түрлі сөз қарша борады, бұдан кейін үнсіз отыра алмаймыз! Ұшақ ауа-райының қиын мінез көрсеткен кезінде әуеге көтерілген. Мұны арнайы шақыртылған Халықаралық авиациялық комиссия анықтаған. Кәсіби мамандар өз қорытындысын берді, одан кейін тағы да зерттеу жүргізілді. Барлық факті жердегі диспетчер қызметі кінәсіне әкеп тірейді" - дейді Жанар Нұрғалиева. Алдындағы сот тыңдалымында Қазаэронавигация қызметкерлері және сотталушының туыстары Шымкентте АН-72 ұшағының апаты экипаж кінәсінен болған деп мәлімдеген. "Ұлымның (экипаждың капитаны - авт.) көп жылғы қызметі барысында бір де бір сөгіс алғанын немесе ескерту алғанын естіп көрмеппін, ал мына жерде мұншама айып тағылып жатыр. Сонда не болғаны, ол ұшақты қалай жерден көтеріп, жерге қалай қондыруды білмегені ме?! Мен бұл арада ұшқыштың еш кінәсі жоқ деп ойлаймын" - дейді марқұмның әкесі Тұрсын Нұрахметов. Жесір қалғандардың айтуынша, Шымкенттегі АН-72 ұшағының апатына қатысты сот процесі басталғаннан бастап сотқа тартылушы, дистпечер Қанат Ақылбеков ешкімнің алдына барып кешірім сұрамаған. "Дистпечер сотта өз-өзін дұрыс ұстамайды, күледі, жан-жағындағыларға кекесінмен қарайды! Мұның барлығы бізге ұнамайды. Бізге оңай емес" - дейді апаттан көз жұмған Қазақстан ҰҚК полковнигінің әйелі Бақытгүл Махаева. Шымкенттегі АН-72 ұшағының апатына қатысты істі болған азамат пен оның адвокаты баспасөзден бойын аулақ ұстайды. Бүгінгі таңда бұл іс бойынша үш рет сот отырысы өтті. Ашық сотты адвокаттың сұрауы бойынша жабық еткенін ерекше айта кетелік. Қазір шамамен 30 зардап шегуші және 10 шақты куәгер сұрауға тартылған. Олардың арасында еліміздің ІІМ ішкі әскер авиациясының бастығы, әскери ұшқыштар, ұшу қауіпсіздігі қызметінің бастығы және ауа-райын болжаушы мамандар да бар. Еске сала кетелік, АН-72 ұшағы 2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкенттің Сайрам ауданына құлаған. "Астана-Шымкент" бағытындағы әскери-тасымал ұшағында 27 адам болған - 7 экипаж мүшесі және 20 әскери қызметкер, олардың ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры, полковник Тұрғанбек Стамбеков, "Оңтүстік" шекара әскері басқармасының бастығы Павел Доценко, сонымен қатар "Қордай", "Сарыағаш" шекара отрядтарының жетекшілері болған. Апатқа ұшыраған ұшақтағылардың барлығы тіл тартпай кеткен. Әуе апатына Шымкент әуежайының дистпечері кінәлі деп айыпталып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети