11 қыркүйек 2023 11:11

Шымкентте жасырын энергетик шығаратын цехтың қызметі тоқтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары

Бизнес құқықтарын қорғау және көлеңкелі экономикамен күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында танымал энергетикалық сусын шығаратын жасырын цехтың қызметін ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 мыңнан астам құты контрафактілік сусынның дайын өнімдері, тауар белгісі бар 54 мың данадан астам бос банкалар энергетикалық сусынды құюға арналған жабдық, сия бүріккіш жапсырма, орау құрылғылары, қақпақтар, құрғақ қоспалар тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгеден асады.

"Ұлттық сараптама орталығының микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, тәркіленген сусынның құрамында рұқсат етілген мөлшерден екі есе жоғары зең мен ашытқы бар. Бұл өнім тұтынуға жарамсыз, өйткені ол адам денсаулығына, әсіресе жас ағзаға зиян келтіреді", - деп хабарлады ҚМА өкілдері.

Дерек бойынша соталды тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.68   490.7   4.99 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети