27 қыркүйек 2014 18:55

Шымкентте құс саңғырығынан тыңайтқыш өндіретін зауыт ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Worldpoultry.com сайтынан алынды. Сурет Worldpoultry.com сайтынан алынды.

Шымкентте құс саңғырығынан тыңайтқыш өндіретін зауыт ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Қазақстан құс өсірушілер одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Шымкентте құс саңғырығынан тыңайтқыш өндіретін зауыт ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Қазақстан құс өсірушілер одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Құс фабрикаларында құс саңғырығы қайта өңделмей жинақталып жатуынан, адам денсаулығына және қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп отыр. Қуаттылығы 40 мың жұмыртқалайтын тауық, немесе 10 млн етті шөже шығыратын орташа құс фабрикасында жылына орта есеппен тиісінше 35-85 мың тонна құс саңғырығы және концентрациясы жоғары органикалық қоспалары бар су жинақталады. Қазіргі таңда "Шымкент құс" ЖШС-де құс саңғырығынан органикалық тыңайтқыш шығарылуды бастады. Осы құс саңғырығын қайта өңдеу технологиясы құс фабрикаларында аталған проблемалық мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік береді", - дейді аталмыш одақтың мамандары.

Құс саңғырығын қайта өңдеу кешенін құру арқылы мамандар қоршаған ортаны ластаудың және жинақталған саңғырықтардың зиянды әсерін болдырмауды жолын табатындықтарын айтады. Құс саңғырығын қайта өңдеу бойынша жұмсалған шығын көлемі өңделген өнімді сату есебінен жабылатын болады. Жобаға салынған қаржы сомасын қайтару мерзімі тыңайтқышты өндіру, сату көлеміне және жұмсалған қаржы сомасына байланысты белгілі болмақ. Жалпы, құс саңғырығынан экологиялық таза, тиімділігі жоғары органикалық тыңайтқыш алынатыны белгілі. Мұндай органикалық тыңайтқыш топырақтың құнарлығын арттырады. Әсер ету күші ұзақ болуынан оны топыраққа 2-3 жылда бір рет ғана енгізеді және пайдалану мерзімі шектелмейді. Шымкенттіктер алдағы уақытта қайта өңделген саңғырықтан брикет даярлап, ол брикеттерді жағып газ алып, газдан электр қуат алуды жоспарлап отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети