21 қыркүйек 2016 15:19

Шымкентте өз өмірін қиып, қызын құтқарған ер адамның артында 4 баласы қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Шымкентте жол апатынан өзінің қызын аман қалып қалған ер адам жерленді. Tengrinews.kz тілшісі жол апатынан зардап шеккен ер адамның отбасымен кездесті.


Шымкентте жол апатынан өзінің қызын аман қалып қалған ер адам жерленді. Tengrinews.kz тілшісі жол апатынан зардап шеккен ер адамның отбасымен кездесті.

Таңғы уақыттан бері Елтаевтардың үйіне көңіл айту үшін туыстары келіп жатыр. Жақында төрт баланың әкесі Жасмин есімді қызын мектепке шығарып салуға кеткен. Ол Жасминды үнемі жолдан өткізіп жүрген екен. Бауыржан Момышұлы көшесінің аумағында жаяу жүргіншілерге арналған жол болса да, әкесі жеті жасар қызын өзін жіберуге қорқатын. Ер адамның Audi көлігінің келе жатқанын неліктен байқамағанын немесе жүргізуші жаяу жүргіншілерді байқамай қалды ма, жоқ па оны қазір ешкім де айтпайды. Әкесі жеңіл көлік келе жатқан бойда қызын жолдан итеріп жіберіп, өзі көліктен өтіп кетуге үлгере алмаған.

"Ол Жасминды өзі итеріп жіберді... Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші көліктен шығып, қызды жолдың шетіне жатқызып, Бахадырды көре тұрып, көлігіне отырып оқиға орнынан кетіп қалған. Бұл сонда қалай болғаны?", - деді қаза тапқан ер адамның әпкесі Жамиля Құражанова.

Зардап шеккен Жасмина Сұлтаналиеваны өтіп бара жатқан адамдар көріп, үйге әкелген. Қыздың үсті қан-жоса, үйге жылаған күйінде жеткізілген. 7 жасар қызға әкесінің енді қайтып келмейтіні жайлы ұзақ уақыт айтпаған екен. Қызға тек жерлеу рәсімі кезінде шындықты айтқан.

"Біз жолдан өтіп бара жаттық, сосын мен ұйықтап қалыппын, түс көрдім", - деді жеті жасар қыз. Әжесінің айтуынша, Жасмин талып қалған, сондықтан да қазір оқиғаның мән-жайын еске түсіре алмай отыр. Дәрігерлер қызға жабық бассүйек ми зақымы, мидың шайқалуы деген диагнозды қойған. Сондай-ақ, қыздың басына, денесіне және аяқ-қолдарына қатты зақым тиген. Қыздың оң аяғы гипсталды. "Бей-жай қарамай өткен адамдарға рақмет. Олар қызыма көмек көрсетіп, үйге әкелді. Бахадырға жедел жәрдемді шақырды. Алайда ол ауруханада көз жұмды. Бірақ осы уақытқа дейін бізге кінәлі адамның тарапынан ешкім де келген жоқ, кешірім сұраған жоқ. Тіпті көңіл айтып келген жоқ", - деді Бахадырдың әпкесі көзіне жас ала отырып.

Енді Бахадырдың артында әйелі мен төрт баласы қалды. Жасмин екінші баласы екен, ал кенже баласының жасы небәрі 2-де. Әйелі қаза тапқан күйеуіне сауда жүргізуге көмектескен екен. Енді әйелдің бұл шаруамен өзі айналысуға тура келеді.

Еске салайық, бұл жол апаты жақында болған еді. ОҚО ІІД өкілдерінің мәліметінше, екі жаяу жүргіншіні басып кеткен соң оқиға орнынан жасырынған жүргізуші ұсталды. Оқиға 2016 жылдың 20 қыркүйегінде шамамен сағат 9.00-де Момышұлы мен Оспанов көшелерінің қиылысында болған. Audi жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен: 1983 жылғы ер адам мен оның 2009 жылғы қызы. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер жол апатын жасаған 1950 жылғы жүргізушіні ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети