19 маусым 2022 17:27

Шымкентте үздік тауарлар көрмесі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте үздік тауарлар көрмесі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте үздік тауарлар көрмесі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласында 17-19 маусым күндері "Қазақстанның үздік тауары-2022" өңірлік байқау-көрмесі өтуде. Орталық саябақта қаланың азық-түлік, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені мен құрылыс индустриясының 70-тен астам тауар өндірушілері өз экспозицияларын орналастырды.

Үздік сапа иесін анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға қала әкімі М.Әйтенов, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер қатысты. Шаһар басшысы павильондарды аралап, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен танысты.

Мұнда ірі компаниялар ғана емес, шағын және орта бизнес өкілдері де өздерін таныта алады.

Арнайы құрылған сараптамалық комиссия үш номинация бойынша конкурс дипломанттарын таңдады: "Халық тұтынатын үздік тауарлар", "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар", "Үздік азық-түлік тауарлары". Жеңімпаздар жыл соңында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін "Қазақстанның үздік тауары-2022" республикалық байқауына қатысады.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети