11 желтоқсан 2015 12:20

Синоптиктер алдағы демалыста қандай ауа райының күтілетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер алдағы демалыс күндері елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазгидромет" кәсіпорны 12-14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жария етті.


Синоптиктер алдағы демалыс күндері елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазгидромет" кәсіпорны 12-14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің ауа райына атлантикалық циклондар ықпал етіп жатыр. Өткен тәуліктерде республикамызда ауа температурасы климаттық нормадан 1-5 градусқа, солтүстік және шығыста 6-13 градусқа жоғары болды. Ал демалыс күндері Қазақстанның ауа райы Шығыс Еуропадан келетін антициклонға байланысты өзгереді.

"Антициклонға байланысты республикамыздың басым бөлігінде күн ашық болады, тек сенбі күні солтүстік, орталық және шығыс аудандарында аздап қар жауады. Ауа температурасы төмендейді, дегенмен климаттық нормадан 2-5 градусқа жоғары болады", - деп хабарлады метеорологтар.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер биылғы қысқа болжам жасаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети