03 ақпан 2016 14:26

Синоптиктер алдағы күндері қар жауатынын болжап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

4-6 ақпан аралығында еліміздің басым бөлігінде қар жауады деп күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. 


4-6 ақпан аралығында еліміздің басым бөлігінде қар жауады деп күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. 

"Шығысқа қарай бет алған атлантикалық циклон Қазақстандағы ауа райына барған сайын қатты әсер ете түседі. Ылғалды қар, тұман және мұзтайғақ республиканың батысында ғана емес, орталығында да болады. Солтүстік және шығыс облыстарда қар, жел, батыстан секундына 20-25 метр жылдамдықпен жел соғады. Алайда температура нормадан жоғары, жылымық Қазақстанның барлық аумағында", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстанның басым бөлігінде ақпан айында жылы, нормадан 1 градусқа жоғары болады. Хабарламада оңтүстік-шығыс өңірлерде ғана ауа температурасының климаттық норма шамасында болатыны айтылады. Елдің батысында шамадан тыс жауын-жашын, ал қалған территорияда норма шамасында болады. Айдың бірінші декадасында жауын-шашын күтіледі, бұл жиі келетін белсенді циклондарға байланысты. "Екінші декадада солтүстік бөлікте түнде ауа температурасы 7-17 градус аязға дейін, күндіз 2-10 градус аязға дейін түседі, оңтүстік бөлікте жылымық, күндіз 0-8 градус жылы, ал соңында температура аздап түседі", - деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети