27 қаңтар 2017 14:12

Синоптиктер Алматыда Универсиада кезінде ауа райы қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Cиноптиктер Алматы облысында 2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Cиноптиктер Алматы облысында 2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, 29 ақпан мен 2 ақпан аралығында облыста тұрақсыз ауа райы күтіледі. "Оңтүстік циклонмен бірге жауын-шашын, кейбір аумақтарда қатты жел тұрып, секундына 15-20 метрге дейін желдің күшеюі күтіледі. Сондай-ақ, тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнгі уақытта 0-5 градус аралығында, ал кейбір жерлерде 10 градусқа дейін аяз күтіледі. Күндізгі уақытта ауа температурасы 0-5 градус, кейбір аумақтарда 10 градусқа дейін жылы болады. Суық антициклонның келуіне байланысты түнде ауа температурасы 5-10 градусқа, таулы аймақтарда 15-20 градусқа дейін төмендейді", - деді синоптиктер.

6-8 ақпан аралығында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын мен тұман күтіледі. Мамандардың айтуынша, түнде ауа температурасы 0-5 градус суық болып, кейбір жерлерде 10 градус аяз болады. Ал күндіз ауа температурасы 0-5 градус жылы, кей жерлерде 10 градусқа дейін жылы болады.

29 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Алматыға оңтүстік циклондардың келуіне байланысты жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі. Түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0-5 градус жылы болады. Келесі күндері антициклонның әсерінен ауа райы бұлтты, ал ауа температурасы түнде 5-10 градус, күндіз 0-5 градус суық болады.

6-8 ақпан аралығында атмосфералық фронттардың келуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі: жауын-шашын мен тұман. Ауа температурасы түнде 0-5 градусқа дейін жоғарылап, күндіз 5-10 градус аралығында жылы болады.

Еске сала кетейік, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети