28 желтоқсан 2015 | 16:48

Синоптиктер Жаңа жылда ауа райының қандай болатынын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Жаңа жылда Қазақстанда ауа райының қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер Жаңа жылда Қазақстанда ауа райының қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жел тұрып, қар жауады. "Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күндеріндегі ерекше жылы ауа райы өзгереді. Циклондардың өтуімен желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетеді, ал 29 желтоқсанда бірқатар облыста мұзтайғақ күтіледі. Алайда батыс желі солтүстік шығыс желімен ауысады", - делінген хабарламада. 

Синоптиктердің мәліметінше, Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Таймырдан суық ауа республиканың солтүстігіндегі облыстарға келе бастайды. "Температура түсіп, осы кезеңге қалыпты саналатын көрсеткішке жетеді. Республиканың оңтүстік бөлігіне осы күндері Ираннан жылы ауа келіп, Жаңа жыл қарсаңында 4-10 градусқа дейін нормадан жоғары, жылы болады", - деп хабарлады мамандар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети