30 желтоқсан 2016 14:48

Синоптиктер қаңтарда қандай ауа райы болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2017 жылдың қаңтар айына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшіcі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.


Синоптиктер 2017 жылдың қаңтар айына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшіcі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Cиноптиктердің мәліметінше, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында қаңтарда орташа ауа температурасы сақталады, ал қалған аумақтарда нормадан 1 градусқа жоғары болады.

Сондай-ақ, жауын-шашынның айлық мөлшері Оңтүстік Қазақстан, Қызылора және Жамбыл облыстарында нормада болатыны, ал еліміздің қалған аумақтарында жауын-шашынның нормадан көп жауатыны айтылады. "Атлантикалық циклондардың әсерінен қар жауып, секундына 15-20 метрге жететін боран болады. Еліміздің оңтүстік аумақтарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ, рождество мейрамында (17-23 қаңтар) және айдың соңында қатты суық болады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Сонымен қатар, алдағы болжамға сәйкес, 17-23 қаңтарда және айдың соңында ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Синоптиктердің мәліметінше, ол кезде еліміздің солтүстік бөлігінде түнгі уақытта 30-35 градус аяз, ал күндіз 20-20 градус аяз; оңтүстік аумақтарда түнгі уақытта 20-25 градус аяз, ал күндіз 20-25 градус суық күтіледі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Жаңа жыл түні ауа райы қандай болатыны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети