25 сәуір 2024 17:51

Синоптиктер Қазақстанда күн суытатынын ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Синоптиктер 26 сәуірде Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер 26 сәуірде Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, Қазақстан аумағының оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігіне әлі де оңтүстік циклон әсер етеді және атмосфералық фронттарға байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады. Тек еліміздің батысы мен солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Ұлытау облысының шығысында түнде 2 градус аяз күтіледі", - делінген хабарламада.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, орталықта, шығыста, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети