Солтүстік Қазақстан облысында мұз қатқан су қоймасы видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында мұз қатқан су қоймасы видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Instagram-дағы sko_kz паарқшасында пайда болды.
Су қоймасының темір құрылымдарына мұз қатқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Сергеевка, су қоймасы мұз кемеге айналды", - делінген видео жазбасында.
"Фильмдердегідей ерекше әдемі", "Осында "Тақтар ойыны, жалғасы" фильмі түсірілген", - деп жазған Instagram қолданушылары.
Мамандардың айтуынша, бұл салқын желдің су ағынына қарсы соғуынан болған.
"Су бөгеттің жоғарғы бөлігінен ағып, қатып қалады. Осыған сәйкес мұз қалыптасады. Бұл құбылыс уақытша және су электр кешеніне қауіп төндірмейді. Өйткені тіршілікті қамтамасыз етудің барлық негізгі жүйесі бөгет ішінде орналасқан", - деді Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!