12 тамыз 2014 19:52

СҚО қаржы полициясының орынбасарын қылмыскерлер қателесіп өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Владимир Прокопенко ©Владимир Прокопенко

Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясының орынбасары Жандос Ахметовті қылмыскерлер қателесіп өлтірген,- деп хабарлайды Tengrinews.kz Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясының орынбасары Жандос Ахметовті қылмыскерлер қателесіп өлтірген,- деп хабарлайды Tengrinews.kz Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Еске салайық, Солтүстік Қазақстан облыстық сотына 2013 жылдың желтоқсан айында қаржы полициясы орынбасарының өліміне қатысты,- деген үш айыпталушының ісі келіп түскен. Олар А. Жамалиев, П. Ковалев және Б. Хукиев болатын.

Тергеу ісі көрсеткендей, тапсырыс беруші Жамалиевке Ахметовті емес, оның бастығын яғни Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясының басшысын өлтіруді тапсырған.

Ал қылмыскерлер  қателесіп қаржы полициясының орынбасары Жандос Ахметовті өлтірген. "Оған 2013 жылдың 24 желтоқсанында Петропавл қаласында, Юбилейный көшесіндегі 3-ші үйдің подъезінде оқ жаудырылған. Осындай қастандықтан кейін қаржы полициясының орынбасары қаза тапты" дейді Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз хатшысы.

Әзірге қаржы полициясы орынбасарының өліміне қатысты тыңдалым күні белгіленген жоқ.

Еске салайық, бұдан бұрын мәлім болғандай, Ресейдің екі азаматы және қазақстандық бір азамат қаржы полициясы орынбасарының  өліміне қатысты күдікпен ұсталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, артынша іс сотқа жіберілген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети