16 қыркүйек 2014 19:25

Соғысқа аттанып бара жатқан қазақстандықтарға ресми ескерту жасалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Соғысқа аттанып бара жатқан қазақстандықтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Соғысқа аттанып бара жатқан қазақстандықтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Лаңкестік пен экстремистік құбылыстың алдын алу мақсатында шетелге экстремистік немесе лаңкестік оймен аттанып бара жатқан Қазақстан азаматтарына ұлттық қауіпсіздік органындағылар ресми түрде ескерту айтса дейміз. Арнайы осындай құқық берілуі керек. Біз мұндай ресми ескерту қанды қақтығыс болып жатқан жерлерде лаңкестермен бірге соғысуға бел буып, шетелге кетіп жатқан жекелеген азаматтарымыздың қарасын күрт қысқартады деп топшылаймыз" - деді ҚР Парламенті Сенатының комитетіне экстремизм мен лаңкестікке қарсы тұруға қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер мен түзетулер жобасын таныстырған Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко.

"Біз мұндай азаматтарға ресми ескерту жасап, елімізде оларды қылмыстық жауапкершілік күтіп тұрғанын анық ұғындыруымыз керек. Осындай алдын алау шарасы қаны қызу азаматтардың өз-өзіне келуіне көмектеседі деп болжаймыз" - дейді ол.

Алдында бұл заң жобасында "ұлттық қауіпсіздік органында экстремизмге немесе лаңкестікке қатысы туралы мәліметтер болса ол тұлғаларды Қазақстан Республикасына кіргізуге тыйым салатындығы" хабарланған. Кравченконың айтуына қарағанда, бүгіндері Қазақстан территориясында шетелдегі экстремистік немесе лаңкестік ұйымдарға қатысы бар 70-ке жуық шетелдік азамат арнайы қызмет арқылы және құқыққорғау органдарымен анықталған.

Сондай-ақ, ұсынылып отырған өзгерістер айрықша сот тәртібі бойынша территориялық мәртебесіне қарамастан қандай да бір ұйымдарды экстремистік немесе лаңкестік деп тануына мүмкіндік береді. Мұндай істер бойынша сот шешімі бірден жүзеге асырылатын болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 15 ұйым лаңкестік, бес ұйым экстремистік деп танылған.

Сол секілді аталған заң жобасында ақпараттық материалдарды да сот тәртібімен лаңкестікке жатқызу қарастырылған және ақпараттық материалдарды экстремистік деп тану құқығы бар. Бүгінге дейін Қазақстанда 611 материал экстремистік болып танылған.

Заңдағы тағы бір жаңашылдық - сотпен экстремистік болып танылған ұйымдардың мүліктерін тәркілеп, мемлекет табысының айналымына енгізу. Лаңкестік қылмыспен сотталған немесе осы қылмыс түрлері бойынша құқыққорғау органдарының немесе арнайы қызметтің нысанасына ілінген барлық тұлғаларға қатысты қаржылық бақылау жүргізуді қамтамасыз ету жағы да бұл құқықтық құжатта қарастырылған. "Қазір Қылмыстық кодекстің екі құрамы ғана қаржылық бақылауға жатқызылады, бірақ Қылмыстық кодексте лаңкестік қылмыс көп айтылады. Оған жалданып, жеке тұлғаларға немесе ұйымға шабуылдаушы, халықаралық құқықты қалқан етіп Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қауіп тудырушы, қастандық жасаушы және тағы басқа да көптеген қылмыс түрлері жатады" - дейді Кравченко.

Сонымен қатар Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті сотпен экстремистік немесе лаңкестік болып танылған ұйымдардың, ақпараттық материалдардың бірыңғай тізімін енгізу құқығын өзіне беруді сұрап отыр. Олар оны ведомства сайтында жариялауға мүдделі.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети