05 тамыз 2020 10:36

Соңғы бір тәулікте коронавирус белгісі бар пневмониядан 17 адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау миинстрлігі 2020 жылғы 5 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция симптомдары бар пневмония бойынша ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау миинстрлігі 2020 жылғы 5 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция симптомдары бар пневмония бойынша ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 799 жағдайы және 17 өлім жағдайы тіркелді", - делінген ДСМ хабарламасында.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 8 054, 86 өлім жағдайы тіркелді.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ-ге қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Еске салайық, қазір еліміз бойынша коронавирус жұқтырғандар саны  94 882-ге жетті. 67 031 науқас аурудан айықты, 1 058 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети