01 қазан 2015 12:55

Сот Астанадағы даулы кортежде болғандарға жаза тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

TengrinewsTV видеосынан алынған скриншот TengrinewsTV видеосынан алынған скриншот

Астанада сот үйлену тойының кортежінде болғандарды жазалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін елорданың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты үйлену тойындағы даулы кортежге қатысты іске нүкте қойды.


Астанада сот үйлену тойының кортежінде болғандарды жазалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін елорданың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты үйлену тойындағы даулы кортежге қатысты іске нүкте қойды.

Істі қараған судья Құралай Арқабаева айыпталушылар отырысқа келмесе де, оларға қатысты шешім шығарды. Айта кетейік, бұған дейін полицейлердің жолда жүру ережесін өрескел бұзған төрт жүргізушіні ұстағаны хабарланған болатын.

Оларға мына баптар бойынша айып тағылды: жолдың қарсы бағытына шығу ҚР ӘҚБК 596-бабы 3-бөлігі бойынша - (4 хаттама); қозғалыс қатарларын бұзу ҚР ӘҚБК 596-бабы 2-бөлігі бойынша - (4 хаттама); артқа жүру 595-бабы 2-бөлігі бойынша - (3 хаттама); көлікті мемлекеттік тіркеу номерінсіз басқару ҚР ӘҚБК 590-бабы 2-бөлігі бойынша - (2 хаттама); автокөліктерге стробоскоптар орнату ҚР ӘҚБК 603-бабы 2-бөлігі бойынша - (1 хаттама); дыбыс сигналдарын пайдалану ережелерін бұзу 602-бап бойынша - (5 хаттама); жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзу ҚР ӘҚБК 593-бабы 1-бөлігі бойынша - (2 хаттама).

Бүгін төрт жүргізуші де соттың шешімімен айыпты деп танылып, бір жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Сотта төрт жүргізушінің де қымбат көліктердің иесі емес екендері анықталды: Gelaendewagen, Mercedes пен екі Lexus, олар сенімхат бойынша көлік құралын басқарған. Сонымен қатар, сотта төртеуінің де жұмыссыз екені мәлім болды. Жүргізушілердің үшеуі - Астананың тұрғындары, төртіншісі - алматылық. 

Еске сала кетейік, таяуда полиция полковнигі Бақытжан Балташев ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен берілген рапорт бойынша құқық қорғау органдарынан жұмыстан шығарылды. Отставканың себебі - оның ұлының үйлену тойына жалданған той кортеждерінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзуы.

28 қыркүйекте Астанадағы үйлену тойы кортежінің жүргізушілері ұсталды. Кортеждің жүрген уақыты мен қанша көліктің болғаны, сонымен қатар, олардың Қонаев көшесімен Қабанбай батыр даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейін барғандары анықталды. Жолда жүру ережелерін өрескел бұзған кортеж жүргізушілерін ІІД ӘПБ жол-патрульдік инспекторлары ұстады және әкімшілік жауапкершілікке тартып, 21 хаттама толтырылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети