ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қыркүйек 2020 | 12:30
Сот полиция формасын киген ер адамды жауапқа тартпады
Алматы облысында сот жарнама ролигіне полиция формасын киіп түскен ер адамның әрекетінен заң бұзушылық анықтаған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында сот жарнама ролигіне полиция формасын киіп түскен ер адамның әрекетінен заң бұзушылық анықтаған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Талдықорған әкімшілік сотында жарнамаға түскен ер адамға қатысты іс қаралды. Оған "видеороликте полиция формасын заңсыз киді" деген айып тағылған.
Сотта күдікті киімнің құқық қорғау органдарына қатысы жоқ екенін, видео досының дүкенін жарнамалау үшін түсірілгенін айтты. Ол полиция формасын әскери дүкеннен сатып алыпты.
Сот ер адамның әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық жоқ деген қорытындыға келді.
"Құқық бұзушыда болған киім негізінде оның қандай құқық қорғау органына қатысы барын анықтау мүмкін емес. Өйткені, полиция қызметкерінің толық айырым белгісін, арнайы киімі мен фурнитурасы белгіленбеген.
Сондай-ақ, істі қарау кезінде арнайы киімнің заттары ұсынылған жоқ. Құқық бұзушының айтуынша, ол заттар жойылған. Осыған байланысты азаматтың арнайы киіміндегі айырым белгілерінің сәйкестігін анықтау мүмкін болмады", - делінген Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қаулы күшіне енген жоқ.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также