03 тамыз 2016 12:46

Сот Сейітқазы Матаевтың үй қамауынан босату туралы өтінішін қанағаттандырмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сейітқазы Матаев. © Тұрар Қазанғапов Сейітқазы Матаев. © Тұрар Қазанғапов

Сот Сейітқазы Матаевтың үй қамауынан босату туралы өтінішін қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Сот Сейітқазы Матаевтың үй қамауынан босату туралы өтінішін қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астананың Есіл аудандық №2 сотында Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр. Осы іс бойынша оның ұлы Әсет те сотқа тартылып отыр.

Отырыс барысында адвокаттар сотталушылардың үй қамауы түріндегі бұлтартпау шарасын кепілақы арқылы босатуға өзгертуді өтінген. Сонымен қатар, қорғаушы тарап істі қарауға Алматы сотына жолдауды сұрады, себебі Әсет пен Сейітқазы Матаевтар Алматыда тұрады. Судья кеңес бөлмесіне кіріп кетіп, кейін шешім шығарды.

"Істі басқа сотқа бағыттау, қосымша сараптама өткізу, кепілақымен босату түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтініш қанағаттандырылмайды. Адвокат Мусиннің өтініші іс материалдарымен танысу бөлігінде қанағаттандырылсын", - деді судья Ақболат Құрмантаев.

Осы іс бойынша басты сот отырысы 23 тамызда сағат таңғы 10.00-ге белгіленді.

Кеңес бөлмесіне кетуінен бұрын судья адвокаттардың сот залына кардиологты кіргізу туралы өтінішін қанағаттандырды. Себебі Сейітқазы Матаевтың қан қысымы күрт жоғарылап кеткен. 

"Шынымды айсат, құрметті судья, мен сотқа келмей-ақ қойсам да болар еді. Маған екі ота жасауды ұсынды. Бүйректерімде ісік бар, ота жасау керек, бассүйек миыма да жасалуы керек. Сізге айтылды. Диагноз расталды. Мен кеше ауруханаға жатуым керек еді, бірақ мен дәрігерлерге "Мен осы сотты алты ай бойы күттім, осы сотқа қатысқым келеді" дедім. Сөзімді дәлелдегім келеді", - деді судьяға Сейітқазы Матаев. 

Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевтың мүддесін екі қорғаушы қорғауда. Олар Мадина Бакиева және Андрей Петров. Сейітқазы Матаев сот отырысына өзімен бірге танометр алып келген, ол сот алдында өзінің артериалды қан қысымын тексерді. Алматыдан Астанаға келген уақытта Сейітқазы Матаевтың қан қысымы жоғарылап кеткен болатын.

Сейітқазы Матаев ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы және 245-бабы, 3-бөлімі бойынша, сондай-ақ ҚР ҚК-нің (16.07.1997 жылғы редакция) 177-бабының 4-бөлімінің "б" тармағы бойынша айыпталуда. Астананың аудандық сотына Сейітқазы Матаевтың ұлы - Әсеттің де ісі жіберілген, оған ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша айып тағылған.

Прокуратура Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының оған қатысты үй қамауына алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін қағанаттандырды. Адвокат Андрей Петров Матаевтың туыстарының кепілақының қажетті сомасын төлегенін және сондықтан тараптың Ұлттық бюроның өтінішін қабылдамай тастап, кепілмен босатуды сұрайтынын атап өтті. Алайда сот үй қамауына алу туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, 26 шілдеде Сейітқазы Матаевты қолдау комитеті брифинг ұйымдастырған болатын. Комитет өкілдерінің айтуынша Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы үй қамауында отыру мерзімі аяқталғанына байланысты, заңсыз отырғанын хабарлаған. Сондай-ақ брифинг барысында, істі Астана қалалық сотына жіберу де заңсыз, себебі сот Алматы қаласының Медеу ауданында өтуі тиіс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети