03 ақпан 2014 12:43

Сот Үсенов ісін әзірше қайта қарай алмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсат Үсенов. Әлеуметтік желідегі фотосуреттері. Мақсат Үсенов. Әлеуметтік желідегі фотосуреттері.

Сот BMW X6 көлігімен алты адамды қағып кетсе де жазадан құтылған Мақсат Үсеновтің ісін әзірше қарай алмайды. Бұл туралы Tengrinews.kz Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. "Х6 мырза" аталып кеткен Үсенов қазір ауруханада жатыр. Бұл жайт прокурорлар келтірген наразылық бойынша істі қайта қарауға кедергі болып отыр. "Ол шынымен де Алматы қаласы жеке клиникаларының бірінде жатыр. Онсыз біз ештеңе істей алмаймыз, істі қайта қарай алмаймыз. Бір күн ішінде бұл мәселе шешілуі керек", - дейді сот өкілдері. Бұған дейін Алматы прокуратурасының Үсеновке қатысты сот шешіміне наразылық келтіргені хабарланған болатын. Мемлекеттік айыптаушылар оған 45 тәулікке қамау және көлік басқару құқығынан екі жылға айыру жазасын сұрап отыр. Бірақ бұл - әкімшілік іс бойынша берілген жаза, ал қылмыстық іс қайтып қозғалмайды, ол тараптардың ымыраласуы себепті тоқтатылған болатын. Үсеновтің қатысуымен болған атышулы жол-көлік оқиғасынан үш ай өтті. Ол бір адамның өліміне, бес адамның жарақат алуына себепші болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети