26 қаңтар 2015 11:52

Сотталушы Нұрлан Жоламанов өзіне тағылған айыпты мойындамайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Жоламанов. ©Әсемгүл Қасенова Нұрлан Жоламанов. ©Әсемгүл Қасенова

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов өзін кінәлімін деп есептемейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 


ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов өзін кінәлімін деп есептемейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 

Прокурор - Бас әскери прокуратураның басқарма бастығы Кемел Шаяхмет тағылған айыпты жария етті. Жоламанов пен Балмағамбетов ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және аса ірі көлемде пара алды деп айыпталды. 

"Жоламановтың өз қызмет бабын пайдалана отырып, бір немесе бірнеше қылмысты жасау мақсатында 2013 жылдың жазынан 2014 жылдың 27 қазан айына дейін  құрып, басқарған ұйымдасқан тобы тергеу анықтаған жағдайда жалпы сомасы 173 миллион 181 мың 750 теңге және 436 мың доллар (Ұлттық банктің бағамы бойынша 79 миллион 850 мың 280 теңге) көлемінде пара алған. Аталған сомадан Жоламановқа 59 миллион 700 мың теңге және 371 мың 300 доллар берілген", - деп мәлімдеді Кемел Шаяхмет. 

Жоламанов өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты. "Бұл - қолдан жасалған іс, саяси тапсырыс. Бұл - жекелеген адамдардың, топтың әрекеті. Мен кінәлі емеспін. Мен бұл мәселемен Президентке өтініш жасағанмын", - деді ол сот отырысы барысында. 

Қайрат Балмағамбетов өзіне тағылған айыпты мойындайтынын және өкініш білдіретінін айтты. 

Астанада Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановқа қатысты істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот қарап жатыр. Процесті сот төрағасы Ербол Ахметжанов жүргізді. 

 

Шекара қызметінің бұрынғы басшысына ҚР ҚК 311-бабының 5-бөлігі бойынша ("Пара алу") және 235-бабының 3-бөлігі бойынша ("Бір немесе бірнеше қылмысты жасау мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару") айып тағылды. Тергеудің мәліметінше, Нұрлан Жоламанов 300 мың доллардан асатын көлемде пара алған. Жоламанов 2014 жылдың қазан айынан бері қамауда отыр. 

Алматыдағы №2458 әскери бөлімнің командирі Қайрат Балмағамбетов ҚР ҚК 311-бабы және 235-бабы бойынша айыпталды. 

Бұған дейін ҚР ҰҚК тергеу департаментінің мәліметі бойынша Жоламанов пен Балмағамбетовтің ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жүріп, коммерциялық кәсіпорындар өкілдерінен қызмет пен тауар түрлерін жеткізу келісімшарттарын орындауда олардың мүддесін қорғағаны үшін аса ірі көлемде пара алғаны хабарланған еді. Тергеу барысында айыпталушылардың жалпы сомасы 300 миллион теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети