11 сәуір 2016 10:42

Сотталушы Талғат Ермегияевтің үшінші адвокаты пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотталушы Талғат Ермегияевтің үшінші адвокаты пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Сотталушы Талғат Ермегияевтің үшінші адвокаты пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Бүгін сот процесі кезінде судьяға адвокат Қанафиннен Талғат Ермегияевті сотта қорғау жайлы өтініш түсті.

"Сотталушының қорғаушы ретінде бірнеше адвокатты шақыруға құқы бар. (...) Іске кіріскен қорғаушыға сот отырысына қатысуға қажетті уақыт беріледі. Осыған байланысты, сот өндірісінің заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында, азамат Ермегияевтің тиісті құқықтарын сақтауға мамандандырылған құқықтық көмек пен қорғауына мені азамат Ермегияевтің қорғаушысы ретінде осы қылмыстық іске қосуыңызды сұраймын", - деп мәлімдеді адвокат Қанафин Талғат Ермегияевпен кездесуге мүмкіндік беруді сұрап.

Сотталушының жаңа қорғаушысы бұған дейін Ермегияевпен таныс болмағанын айтты. Сонымен қатар ол соттан осыған дейін жауап алынған сотталушылардың көрсетпелерімен танысуға мүмкіндік беруді сұрады. 

"Мені іс материалдарымен толық таныстыру. Осы әрекеттің барлығы белгілі бір уақытты талап ететіндіктен, сот отырысына үзіліс жариялауды сұраймын", - деп қорытты сөзін адвокат Қанафин.

Судья үшінші адвокаттың өтініш ішінара қанағаттандырды. "Сот адвокат Қанафиннің өтінішін тыңдап, қаулы етеді: кездесуге - қарсы емес. Үзіліс жариялау бөлігінде - сот рұқсат етпейді. Осыған дейін сот істің материалдарымен танысуға кез келген уақытта келуге болатынын қаулы еткен. Қылмыстық істі растайтын құжаттар, көшірмелер адвокаттар Әлімғожина мен Котловада бар, сіз таныса аласыз. Қазіргі уақытта біз процессті жалғастырамыз", - деп қаулы етті Әділхан Шайхисламов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети