18 сәуір 2014 16:24

Статистика агенттігі экс-басшысының үкімі өзгеріссіз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анар Мешімбаева. Фото Марат Абилов© Анар Мешімбаева. Фото Марат Абилов©

Астана қаласының қылмыстық істер бойынша апелациялық сот алқасы Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваның үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қаласының қылмыстық істер бойынша апелациялық сот алқасы Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваның үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот үкімі өзгеріссіз, сотталушының және оның қорғаушысы Бейсембаеваның апелациялық шағымы - қанағаттандырусыз қалдырылды. Сот алқасы сіздердің шағымдарыңыздан сенерлік дәлелдер таппады",- деді судья Дания Қисықова.

Ал Мешімбаеваның өзі бұл шешімге де шағымдануға ниетті екенін жеткізді. "Ұрлық болған жоқ, мен конкурстық комиссияға қатысқан жоқпын, бұл іске араласқан емеспін. Тергеушілермен жіберілген фактологиялық қателіктерімен қоса үкім толық айыптаудан көшірілген. Мен мұндай шешіммен келісе алмаймын",- деді ол.

Еске сала кетейік, 14 наурызда Астанадағы Есіл аудандық №2 cоты судьясының шешімімен Статистика агенттігінің бұрынғы басшысына мүлкін тәркілеумен және мемлекеттік қызмет лауазымын атқару құқығынан бес жыл мерзімге айырумен бірге жалпы режимдегі колонияда жеті жыл жаза өтеу үкімі шығарылған еді. Сот Мешімбаеваны ҚР Қылмыстық кодексінің "Жымқыру" және "Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану" баптары бойынша айыпты деп таныды.

Анар Мешімбаеваға қатысты қылмыстық іс 2010 жылдың қаңтарында қозғалған болатын. Ол ұлттық халық санағын өткізуге бөлінген 700 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталды. Кейін Статистика агенттігінің экс-басшысына халықаралық іздеу жарияланды. Сот талқылау барысында ол тергеуден жасырынбағанын және іздеу жарияланған уақытта Мәскеуде астыртын тұрғанын айтты. Ол сол жақтан ұсталып, 2013 жылдың қыркүйегінде Мәскеуден Қазақстанға экстрадицияланды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети