20 желтоқсан 2014 15:20

Су-27 апаты: Ұшқыштардың аналарына награда табыс етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР ҚМ баспасөз қызметі ©ҚР ҚМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Су-27 апаты кезінде ерлік көрсеткен қос ұшқыштың аналарына ұлдарының наградалары табыс етілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы облысында Су-27 апаты кезінде ерлік көрсеткен қос ұшқыштың аналарына ұлдарының наградалары табыс етілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов апатқа ұшыраған Су-27 жойғыш ұшағы экипажының туыстарымен кездесті. Бұл оқиға Алматы облысындағы Жаңалық ауылының маңында 2014 жылдың 23 қыркүйегінде болған еді. Подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбунов ұшақты елді мекеннен аулаққа алып кетуге бар мүмкіндікті жасаған болатын.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен жауынгерлік және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін подполковниктер Ерлан Науанов пен Денис Горбунов қаза тапқаннан кейін ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды", - деген министр "осындай ержүрек офицерлер халықтың мақтанышы екенін, мемлекеттің даңқы мен қуатын осындай адамдар көтеретінін" атап өтті.

Министр наградаларды Ерлан Науановтың анасы Риза Бекенқызы мен Денис Горбуновтың анасы Татьяна Александровнаға табыс етті. "Сіздердің ұлдарыңыз біздің есімізде Отанға қызмет ету мен әскери қызмет атқарудың үлгісін көрсеткен ержүрек офицер және нағыз командир ретінде мәңгі сақталады", - деді Тасмағамбетов.

Еске сала кетейік, әскери ұшақ Алматы облысындағы оқу-жаттығу ұшулары кезінде апатқа ұшыраған еді. Марқұмдар әскери сый-құрметтерімен жер қойнына тапсырылды. Денис Горбуновтың жаназасы туған өңірі - Қостанайда, Ерлан Науановтың жаназасы Талдықорғанда шығарылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети