20 сәуір 2015 14:28

Су тасқыны: Кейбір ауылдардың тұрғындары үйлеріне оралып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ekaraganda.kz ©Ekaraganda.kz

Су тасқынынан кейін кейбір ауылдардың тұрғындары үйлеріне оралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Су тасқынынан кейін кейбір ауылдардың тұрғындары үйлеріне оралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінге дейін елдегі бес облыста 2142 үйден су кетті, 276 үй су астында қалып отыр. Эвакуацияланған 16 154 адамның 10 017-сі өз үйлеріне оралды. Эвакуация пункттерінде 1 623 адам қалып отыр. Бұзылған 140 автожол учаскесінің 63-і қалпына келтірілді. Селден тоғыз көпір қирады. 

Соңғы мәліметтерге қарағанда, 22 028 метр уақытша дамба салынды, 3 211 метр бөгет қалпына келтірілді, 92 512 мүшек қойылды, 289 759 шаршы метр су сорылды.

Селдің алдын алу шараларына 6308 адам, 1 691 техника, 112 су соратын құрылғы, 107 жүзу құралы жұмылдырылды.

Мәселен, Қарағанды облысында Абай ауданының Қарақоға ауылының 18 тұрғыны үйлеріне қайтты. Тағы 11 адам эвакуация пунктінде. Сонымен қатар, Абай ауданының Огороды ауылының және Бұқар жырау ауданының Мұстафин, Тассуат, Көбетей, Майоровка ауылдарының 672 тұрғыны эвакуация пунктінде қалып отыр.

Мұстафин атындағы ауылда 124 үйден су сорылды, аулаларды тазалау және су алған үйлерден мүліктерді эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Ал Садовое және Ынтымақ ауылдарындағы үйлерден су кетті.

Құтқару бөлімшелері азық-түліктер мен гуманитарлық көмектерді Балықтыкөл пунктіне бағыттады. Сонымен қатар, құтқарушылар адамдар мен гуманитарлық көмекті Қарой ауылына бағыттап жатыр. Ал Құланөтпес, Соналы және Жанбөбек ауылына гуманитарлық көмекті жеткізу үшін МИ-8 тікұшағы жұмылған.

Майоровка ауылынан су кетеді деп жоспарланып отыр, онда 131 тұрғын өз үйлеріне оралды.

Баспасөз хабарламасында Ақтоғай ауданының Қарасу ауылындағы жеті үйдің қирағаны хабарланды. Су сору, су деңгейін бақылау, қорғаныс дуалдарын тұрғызу жұмыстары атқарылып жатыр.  

Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданының Бестерек ауылының 17 тұрғыны өз уақытында эвакуацияланып үлгерді. 65 бас үй жануары қауіпсіз жерге айдалды. Оқиға орнында ІІД, жергілікті атқару органдарының және тартылған ұйымдардың бөлімшелері тәулік бойындағы кезекшілікті бекітті.  

Павлодар облысындағы Екібастұз және Баянауыл аудандарында автомобиль жолдарын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының күшімен Қараши және Теңдік ауылдарындағы жолдың 120 метрі қалпына келтірілді.  

Солтүстік Қазақстан облысында Селеті өзенінің бойындағы сел жүру жағдайын бақылау жалғасып келеді, бақылау бекеттері қойылды. Қулыкөл және Қаратал ауылдарынан 722 бас үй жануары қауіпсіз жерге айдалды. Аққайың және Темирязевск аудандарында Қиялы және Степное ауылдарындағы каналдардан су сору және су әкету құрылғылары жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Осыған дейін Ақмола облысындағы су қоймаларының су деңгейінің бақылауға алынғаны хабарланған болатын. Целиноград ауданындағы Қосшы ауылында Нұра өзенінің бойындағы су қоймаларын берік ете түсу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінге дейін 3 100 мүшек қойылды. Қосымша 1 100 инертті материал жеткізілді.

Тайтөбе, Қызыл Жар, Талапкер, Қаражар ауылдарында су сору жұмыстары жалғасып жатыр. 21 тұрғын үйі су астында қалған Ағанас ауылына азық-түлік жеткізу ұйымдастырылды. Жол байланысын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, 240 тонна инертті материал жеткізілді.

Бүгінге дейін Қошқарбаев ауылына кететін автожолдың 500 метрі қайта қалпына келтірілді. Ақмол ауылындағы үйлерде шашу және топырақ себу жұмыстары аяқталды. 

Жаңажол және Отаутүскен ауылдарынан 91 тұрғын өз уақытында эвакуацияланды. Оқиға орындарында себу жұмыстары жалғасып жатыр, су деңгейін бақылау жалғасуда.

Астрахан ауданындағы Старый Колутон ауылының тұрғындары су басу қаупі жайлы ақпараттанды. Су басу қаупі бар үйлерге аула бойынша аралап шығу шарасы жүргізілді.

Құтқарушылар Атбасарда да тәулік бойындағы кезекшілікті жалғастырып жатыр, онда үйлер мен үй аулаларынан су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, екі үйдің жер қоймаларында су қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети