05 сәуір 2016 13:13

Судья Ермегияевке күлгені үшін ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша бас фигурант Талғат Ермегияевке судья ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша бас фигурант Талғат Ермегияевке судья ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Судья Әділхан Шайхисламов сотталушы Қажымұрат Үсеновтен жауап алыну кезінде күлгені үшін Ермегияевке сөз айтты. 

"Сотталушы Ермегияев, тұрыңыз. Сізге күлкілі ме? Үсенов сұраққа жауап беріп жатыр, ал сізге күлкілі. Сіз цирктесіз бе?", - деп сұрады Әділхан Шайхисламов.

"Жоқ, күлкілі емес", - деді Ермегияев.

"Онда неге күлесіз? Отырыңыз. Сізге ескерту жасаймын", - деді Шайхисламов.

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр. 18 наурызда Астанада "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша басты сот отырысы басталған еді. Бұл істе 23 адам күдікке ілініп отыр. Олар істің 500 томымен танысып шығуы керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети