"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде "Мөлдір бұлақ" апталығы қорытындыланды.
"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде "Мөлдір бұлақ" апталығы қорытындыланды.
Жалпы акцияның мақсаты - табиғатты таза ұстап, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру.
Ұйымдастырылып жатқан тазалық шаралары нәтижесінде су айдындары мен өзен, көлдер жағалаулары және аяқсу арықтарының бойы тазартылды.
"Мөлдір бұлақ" апталығы аясында 20 мыңнан астам адам, соның ішінде мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар, жастар және волонтерлер, тұрғындар қатысып, барлығы 245 техника жұмылдырылды.
Тазалық апталығы аясында облыстағы "Сырдария" өзенінің жағалауы, "Аққұмшық" жағажайы, "Кәрібөгет" көпірі, "Лайкөл", "Қамбаш", "Жалаңаш", "Шөмішкөл", "Райым", "Тұщы", "Иіркөл", "Қараөзек", "Әлімкөл", "Жаманкөл" көлдерінің және "Қалғандария", "Елтай", "Шіркейлі", т.б. су арналарының жағалауларына қоқыстан, тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Жалпы экоакция апталығы аясында су айдындары мен аяқсу арықтары 40 тоннадан астам қоқыстан тазартылды.
Еске сала кетсек, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 сәуірден бастап су тасқыны орын алмаған аймақтарда көгалдандыру және санитарлық тазалыққа бағытталған "Таза Қазақстан" акциясы жүзеге асуда. Осы ретте "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында облыс әкімі Н. Нәлібаевтың экологиялық науқанға аймақ жұртшылығын белсене қатысуға шақырған үндеуі жарияланып, облыс көлемінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру бойынша сенбіліктер ұйымдастырылуда.
Облыс көлемінде көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық жұмыстары тек акция аясында ғана емес аймақтағы барлық елді мекендерде көктемнің алғашқы күні 1 наурыздан бастау алған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!