01 шілде 2015 22:41

Талғат Ермегияевтің ұсталуы мен үшін ауыр жағдай болды - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтің ұсталуы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтің ұсталуы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Хабар" және КТК телеарналарынан көрсетілген "С Назарбаевым о главном" деректі фильмінде Президент Ермегияевтің ұсталуының ауыр жағдай болғанын айтты.  

"Міне, "ЭКСПО-2017" компаниясының президенті ұсталды. Мен үшін бұл өте ауыр жағдай. Экспо - бұл істі бәрі бақылап отыр және оны өткізіп жатқанымызға мақтанамыз. Мен оны шақырғанмын, былай деймін: Мен саған мынаны тапсырамын және бұл істі өзім бақылаймын. Байқа, ұлттық қордың мемлекеттік қаражатын біз сонда жұмсаймыз. Мұны барлығы бақылайды - есеп комитеті, қаржы полициясы, әрбір тиын үшін арнайы құрылған комиссия", - деді Президент.

Ол Қытайда Си Цзиньпиннің билікке келгенінен кейін жемқорлықпен жүргізілген күресі туралы ескертті. "Түсінеді, түсінбесе міндеттейміз. Өсуіне мүмкіндік берген жігіттердің ісі өкінішті. Оларды сонша жыл дайындайсың, күш жұмсайсың, қаражат мемлекеттікі, оларға сенесің. Ал олар өздері отырған бұтақты кесіп, өмірлерін қиындатады", - деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, 11 маусымда Талғат Ермегияев Мемлекет Басшысының Өкімімен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК бұрынғы басшысы қызметінен босатылды. Өкім Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Бұл қызметке Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков келді. Ермегияев қызметінен босатылғаннан екі күн өткеннен оның қамауға алынғаны белгілі болды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети