05 тамыз 2015 17:15

Талғат Ермегияевтің үй қамауындағы мерзімі ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Тengrinews.kz Иллюстрация © Тengrinews.kz

Талғат Ермегияевтің үй қамауындағы мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Талғат Ермегияевтің үй қамауындағы мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астанадағы Алматы аудандық №2 соты ҚР ҚК 176-бабы 4-бөлігінің "б" тармағы бойынша күдікті Талғат Ермегияевқа қатысты үй қамауына алу мерзімін үш айға дейін ұзарту жөніндегі өтінішін қанағаттандырды. Яғни осы жылдың 12 қыркүйегіне дейін", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

Оның мәлімдеуінше, сотқа бұл өтінішті Ермегияевтің адвокаты жолдаған. "Үй қамауына алу мерзімі 12 тамызда аяқталады, ал бұл уақыт ішінде қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтау мүмкін болмады. Сот өтінішті қанағаттандырды", - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, 16 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының жетекшісі Айгүл Шайымова "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегиявқа қатысты іс туралы жаңа мағлұматтарды жария етті. Ол кезде Ермегияевтің пара ретінде қолма-қол 4 миллиард 200 миллион теңге алғаны анықталды. 

Еске сала кетейік, 12 маусымда "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевті үй қамауына алу туралы санкцияны Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты берген. Мұндай бұлтартпау шарасын сотқа дейінгі тергеу органдары мен прокуратура ұсынды. Талғат Ермегияевқа Қылмыстық Кодекстің 176-бабы бойынша айып тағылып отыр.

2015 жылдың 18 маусымында Астананың №2 Алматы аудандық соты Талғат Ермегияевтің мүлкіне, нақтырақ айтсақ, "Са-Бек" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 30 пайыз); "ТКМ" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 30 пайыз); "Глобус Алматы" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 50 пайыз); "ХОЗУ-Транс" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 100 пайыз); "Рахат-АВТО" (іскерлік қатысу үлесі - 18 пайыз); "Глобус Астана" ЖШС-на (іскерлік қатысу үлесі - 50 пайыз) тыйым салды.

11 маусымда Талғат Ермегияев Мемлекет Басшысының Өкімімен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК бұрынғы басшысы қызметінен босатылды. Өкім Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Бұл қызметке Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков келді. Ермегияев қызметінен босатылғаннан екі күн өткеннен оның қамауға алынғаны белгілі болды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети