14 қыркүйек 2015 11:52

Тамыз айында қазақстандықтардың орташа жалақысы 125 мың теңге болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Биыл тамыз айында қазақстандықтардың орташа жалақысы 125 мың теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.


Биыл тамыз айында қазақстандықтардың орташа жалақысы 125 мың теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Мәліметтерге сәйкес, 2015 жылдың тамызындағы көрсеткіш бойынша әр қызметкер орташа есеппен 124 988 теңге алады.

2015 жылғы шілдеде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 63664 теңге болды, бұл 2014 жылғы шілдеге қарағанда 0,9 пайызға төмен.

Сонымен қатар, тамызда жұмыссыздар саны 436,8 мың адамға жетті. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 4,9 пайызын құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2015 жылғы тамыздың соңында 64 мың адам болды.

Статистика комитетінің мәліметінше, қаңтар-шілдеде сыртқы сауда айналымы 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,2 пайызға төмендеді және 45 миллиард 921,7 миллион доллар болды. Сонымен қатар, экспорт 43,2 пайызға төмендеп, 27 миллиард 789,6 миллион доллар болса, импорт 18 миллиард 132,1 миллион долларға дейін төмендеді (былтырға қарағанда 21,2 пайызға төмен).

Тұтыну бағасының индексі 2015 жылғы тамызда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,8 пайызға жетті. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,9 пайызға, азық-түлік емес тауарларының бағасы 1,4 пайызға, халыққа арналған ақылы қызметтер 3,3 пайызға өсті. Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 2015 жылғы тамызда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 14,6 пайызға төмендеді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети